Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Таңатбаева Ләззат Сауранбекқызы “Темекі шегу, нашақорлық және ішімдіктін зияны” туралы «77 TV» телеарнасына сұхбат берді. Казіргі таңда облысымыз бойынша канша адам есірткі заттарын, ішімдікті қолданатынын және есепте тұрған қанша науқас бар екені туралы ақпарат берді. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті, ішімдікке салыну біздің де елімізде тамырын кеңге жайып барады. Ішімдік ішу, темекі шегумен күресу адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті басты мәселелерінің бірі екендігі даусыз. Себебі, жасөспірімдер аса еліктегіш келеді. Бір рет қолдансам, ештеңе етпейді ғой деген оймен, оған соңында қалай тәуелді болып қалғанын сезбей де қалады. Міне, ішімдікке, есірткіге тәуелді болу деген осы. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алуы мүмкін. Оларға: парақорлық, құмарлық, зорлық-зомбылық, адам өлтіру, суицид және тағы басқалары жатады. Зиянды заттарды қолданбау онымен күресу, одан сақтану, адамзат бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы екенін айта кетті.