Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Айдарбек Ақтоты Айдарбекқызы Тараз қаласының № 49 орта мектебінде «Психобелсенді заттар мен менің денсаулығым» тақырыбында жоспардағы онлайн дәріс өткізді. Дәріс барысында психобелсенді заттарға әуестіктің себеп салдарын, адам өміріне тигізер зияны зор екенін атап айтты. Салауатты өмір салтын ұстану адам денінің саулығы мен алдағы болашағын көлеңкесіз өтуіне ықпал етеді. Зиянды әдеттердің арқасында қауіпті дертке шалдығу қаупі орасан зор, қауіпті дерттің алдын алудың бірден бір жолы қандай да бір жаман әдеттерден аулақ болу. Дәріс барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды, бейнеролик көрсетілді.