Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері : Омарова А.С қатысуымен, Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі», мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің арасында «Суицид экстремизм және ойынқүмарлық мемлекеттік қызметкерге жат қылық» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда денсаулыққа зиянды әрекеттерге тоқталды, олардың адам өміріне қауіпті екені, ең бірінші денсаулықтың қымбаттылығы, салауатты өмір сүру бағалы байлық екенін түсіндірді. Қызметкерлерге зиянды заттардың алдын алу, салауатты өмір сүру жолдары айтылды. Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыпты толықтай талқылады.