17 ақпан күні Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Османов Айбек Абдыкапарович Жамбыл жоғары медициналық колледжінде білімгерлер арасында «Суицид. Қиын жағдайда көмек көрсетудегi сенiм телефонының қызметi туралы» жоспарға сай дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – еліміздің болашағы – жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, жастар арасындағы суицидтің алдын алу. Депрессияның алдын алу шаралары бойынша тұлғаның өзіне көңіл бөлуі, өз-өзіне деген құрметпен қараған жағдайда депрессияның алдын алуға болатынын айтты. Білімгерлерге өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін түсіндіріп, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмек туралы толық мағұлмат берді.
Шара барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға психолог маман жауап берді.