Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Бүгін 2019 жылдың 29 сәуірі күні сағат 12.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың қорытындылары мен ұсыныстарды талқылау бойынша облыстық бірыңғай сағатының өткізілуіне байланысты Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының мәжіліс залында қызметкерлер арасында Ұлттық баяндаманың бағыт бағдары талқыланды. «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздіке төнген тікелей қатер болып табылады». Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді. Жиын барысында мемлекеттік қызметтердің тұтынушыға бағытталуы және автоматтандырылуы мәселесіне көңіл бөлінді. Онда денсаулық саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің мәселелері айқын көрсетілген. Қазіргі таңда электронды түрде көрсетілетін қызметтердің арқасында сыбайлас жемқорлықтың ауылы алыстап бара жатқаны сөзсіз.