Тараз – есірткісіз қала
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психолгы Айдарбек Ақтоты Айдарбекқызы Тараз каласы «Парасат» колледжінің студенттері (1 курс) арасында «Тараз – есірткісіз қала» тақырыбында дөнгелек үстелге қатысты. Жиында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Каукешова Айгерім мен бірге қазіргі таңда жасөспірімдер арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолданудың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға жан жақты акпараттар айтылып, салауатты өмір салтын ұстануға уәжделді.