Таразда Жеңіс күні аталып өтті
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласына Жамбыл облысынан жүз бес мыңнан астам азамат аттанған еді. Жандарын шүберекке түйе жүріп, жау оғынан елге аман оралған майдангерлердің бүгінде жетпіс бесі ғана арамызда қалыпты. Жыл өткен сайын қатары сиреп бара жатқан батыр бабалардың ерлігіне құрмет көрсету – жалғаса бермек. «Жеңіс» саябағынан ашылған «Даңқ» залы сол өр рухты, батыр жүректі ардагерлердің ерен ерліктеріне құрмет белгісіндей. Бүгінгі ұрпақ жыл сайын тойлап жүрген Жеңіс күнінің қадір-қасиетін, маңызын бұл жауынгерлер жүрекпен сезініп, санасымен түйсінеді. «Даңқ» залының лентасын қию рәсіміне Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мұсахан Бердібаев, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, профессор Мекемтас Мырзахметұлы қатысты. Облыс орталығында жеңіс күні бабалар рухына тағзым етуден басталды. Олардың майдан даласындағы ерлігі мен өнегелі өмірін ұлықтайтын да осы мереке. Биыл 2- дүниежүзілік соғыстыңа яқталғанына 74 жыл. Осыған орай Қаһарман ұлт шеруіне қатысушылар Тараз қаласы Дінмұхамед Қонаев көшесіндегі Ақәділ Сухамбев ескерткіші маңына жиналды. Алдымен, батыр бабамыздың ерлігін еске алып, бір минуттық үнсіздіктен соң, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Сонымен қатар, дәл осы сәтте Ыбырайым Сүлейменовтың және қаладағы бірқатар ескерткіш тақталарға гүл қою шарасы өтті. Бұдан әрі «Қаһарман ұлт» шеруіне жиналған екі мыңнан аса қала тұрғындары, Жеңіс саябағындағы «Ерлік» мемориалдық кешеніне жол тартты. Осы атаулы іс-шарадан Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлері де шет қалмады, аталған шеруге орталық бас дәрігерінің м.а. Ж.Жексембиев, бас дәрігердің орынбасарлары Г.Каримова және Э.Даулетжанова қатысты.