Тараз қаласы №15, №12, №37, №8, №54, №19 орта мектептерінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Омарова Лязат Данишбайқызы «Темекі, қорқор, насыбайдың зияны», «Жаман әдетке бой ұсынба», «Салауатты өмір салты ұзақ өмір мүрудің кепілі», «СӨС. Бас тартуға әлі де кеш емес» тақырыбтарында оқушылар арасында жоспардагы онлайн-дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға зиянды заттардың адам ағзасына зияндығын және алдын алу туралы айтты.