16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Биыл Тәуелсіздігімізге 29 жыл. Осы 29 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды. Біздің еліміз бай, әрі қуатты ел.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында шахмат, дойбы, теннис, арқан тартудан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Оған орталықтың пациенттерінен құралған 2 команда қатысты. Жарыстың өтілуін бөлімше меңгерушілері, психолог және әлеуметтік қызметкерлер бақылады.
Жарыс барысында пациенттердің бойына көшбасшылық, ұйымшылдық, еркін пікір алмасу сынды адами қасиеттерді сіңіру. Соңында жарыстың қорытындысы шығарылып, орталықтың бас дәрігері жүзден жүйрік шыққандарға өзінің құттықтау тілегін білдірді. Пациеттерге белсенді ат салысқандары үшін алғысын білдіріп, сыйлықтарын табыс етті.
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында орталықта алдағы уақытта осы сынды түрлі іс –шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылатын болады.