Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2023-2026жж. стратегиялық жоспары
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2019-2022жж. стратегиялық жоспары
«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ
Миссия:
«Психикалық денсаулық саласында халқына қолжетімді білікті көмек көрсету»
Көзқарас:
«Пациентке қоршаған ортамен өзара әлеуметтік байланыс жасауға кедергі болатын түрлі жағдайларды жеңіп, социуммен араласу мүмкіндігін қайтару».
Қағидалар:
«Психикалық бұзылушылықтары бар тұлғаларға, өмір сүру сапасын жақсарту үшін көмек көрсету».
Біздің құндылықтарымыз:
«Дәрігердің қызметі барысындағы қайырымдылық, мейрімділік, құзыреттілік, персонал кәсіпқойлығы алдында персоналдың мүддесі басым бағыттағы сипатта болады (пациентке бағытталған қызмет)».
ПМБ бар адамдарға ПДО-да көрсетілетін медициналық-әлеуметтік көмек мынадай негізгі міндеттерді көздейді:
1.Тиісті өңірдің психикалық денсаулық сақтау қызметінің ұйымдастырушылық, профилактикалық, емдеу-диагностикалық қызметін және дамуын үйлестіру, мониторингілеу, талдау;
2.Психикалық денсаулықты сақтау саласындағы профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдеу, медициналық-әлеуметтік, оңалту көмегінің, сондай-ақ ПМБ-мен ауыратын адамдарда қосалқы аурулардың кез келген нысандарын көрсету;
3.Консультацияларды ұйымдастыру және мамандандырылған көмекке жүгінетін адамдарды РПДҒПО-ға жіберу;
4.Халықтың, оның ішінде ПМБ бар адамдардың психикалық денсаулығын нығайту, өмір сүру сапасын, психикалық саламаттылық деңгейін арттыру жөніндегі зерттеулерге қатысу;
5.Стационарлық және амбулаториялық көмек көрсету кезінде өзара іс-қимылды және сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады;
6.Ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізу, ПБЗ-ға тәуелді адамдарды рецидивке қарсы, қолдаушы (оның ішінде опиоид агонистерімен) терапияға ынталандыру;
7.БПДО, МСАК дәрігерлеріне, сондай-ақ ПМБ диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша дәрігерлік бейіндегі өзге де мамандарға консультациялық көмек;
8.Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін медициналық құжаттаманы ресімдеу;
9.ПМБ бар пациенттердің еңбекке уақытша жарамсыздығын сараптау;
10.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті сұрау салулар бойынша адамның психикалық жай-күйі туралы қорытындылар, анықтамалар беру;
11.Өңірлік деңгейдегі коммуникациялардың барлық тәсілдері арқылы психикалық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша хабардар етуді, пікір және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.