Жамбыл облысының психикалық денсаулық қызметінің даму тарихы
Психикалық денсаулық қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 01.08.2017 жылғы №575 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық саласын дамытудың 2017-2018 жылдарға арналған «Жол картасын», сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты кейбір кәсіпорындарды қайта құру туралы» 01.11.2018 жылғы № 213 қаулысын орындау мақсатында 2018 жылы жыл соңында біртұтас мекеме болып ұйымдастырылған болатын. 2019 жылғы қаңтар айына дейін психиатриялық және наркологиялық қызметтер Жамбыл облысының денсаулық сақтау жүйесінде дербес диспансерлер болып қызмет атқарды.
1 бөлім. Психиатриялық қызметтің даму тарихы
Психиатриялық қызметтің алғашқы қадамы 1955 жылдан басталды: дәрігерлер И.Л. Руденский мен М. Сулаев қызмет атқарған облыстық аурухананың терапевт бөлімшесінен 20 орындық екі палата бөлінді. Психотропты препараттар жоқ болатын, психоз ауруы кезінде тек науқастарға фиксация жасалатын. 1958 жылы (бұрынғы Фурманов көш., қилысы) Абай көшесіндегі бұрынғы мешіт ғимаратынан бейімделмеген жайлар беріліп, онда 40 орындық облыстағы алғашқы психдиспансер ашылды. Келесі үш жыл ішінде 125 орынға дейін кеңейтіліп, үш бөлімше ашылды (екі ерлер, бір әйелдер). 1968 жылға дейін Киев қаласынан 1940 жылдары эвакуацияланып келген Илья Лазаревич Руденский бас дәрігер болып қызмет атқарды. Бұл кезең психиатриялық қызметтің қарқынды даму кезеңі еді, еңбекке жас дәрігерлер тартылып, ауылдық жерлерде алғашқы психиатриялық фельдшерлік қызметтер енгізілді, санавиация жұмыс істеді. Науқастар қатаң тәртіпте ұсталды, жақындарымен кездесу аптасына бір рет, нақты бір уақытта ғана орындалды. Алкогольді психозды науқастар жалпы бөлімшелерде емделді. Психоздарды емдеуде Краснушкин микстурасы қолданылды, депрессияға шалдыққандарға морфин, апиын беріліп, науқас белгілері қозғанда салқын су, ығалды жаймалар қолданылды.
Носков Иван Васильевич 1968 жылдан 1975 жылға дейін диспансердің бас дәрігері болып қызмет атқарды. Ол басшылық жасаған алғашқы күннен бастап диспансерді кеңейту мәселелері бойынша жаңа ғимарат жобасын алу үшін Москваға барды. Төрт жыл бойы психикалық ауруға шалдыққандарға арналған диспансердің Москваның жаңа арнаулы құрылыс жобасымен айналысты 1973 жылы аурухана құрылысы мен облыстың қалалары мен аудандарындағы халыққа психиатриялық көмек көрсеткені үшін Еңбек Қызыл Туы орденімен наградталды. 1973 жылы 425 орындық диспансер ашылып, амбулатриялық қызмет қарқынды дами бастады, бөлімшелер толықты. 1974 жылы еңбектік шеберханалар ұйымдастырылды. Диспансер құрамында 3 ерлер, 2 әйелдер, 1 балалар бөлімшелері болды. Балалар бөлімшесінде үш бағдарлама бойынша мектеп ашылды. 1973-1977 жылдары облыстық психдиспансерге В.Н.Шелохаев, В.А.Мазепа, Л.В.Ковыльчук, Т.А.Парнищева, Г.И. Нуралиева, Н.М.Шульга, П.П.Вязовой, А.А.Терлоев сияқты жас мамандар келді, олардың көбісі осы уақытқа дейін еңбек етуде.
1975 жылы Көкшетау облыстық психиатриялық диспансерінен біздің диспансерге психиатриялық қызметтің тәжірибелі ұйымдастырушысы Сураганов Амангельды Исламбекович келді. Ол 1976 жылдан облыстық психиатриялық диспансерді басқарды. Сураганов А.И. 1967 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық университетті аяқтаған соң Көкшетау психиатриялық ауруханаға жолдама алып, онда ординатор, бөлімше меңгерушісі болып қызмет атқарып, 1970 жылдан бері емдеу мекемесінің бас дәрігері қызметін атқарды. Оның кезінде Жамбыл облыстық диспансер 640 орынға дейін кеңейтілді.
1996 жылы республикадағы денсаулық сақтау саласының орындық қорын оңтайландыру басталды. Облыстық психиатриялық диспансердің орындық қуаты азайтылды: 1996 жылы 150 орынға, 2000 жылы 200 орынға дейін жоғарылады. Осы кезеңде ұжым Калтаева А.О., Инкарова С.К., Нурашева А.Ж., Келгенбаева У.О., Шайманова Д.Б., Мамедов И.А., Мырзагулов М.Б., Жильцова И.В., Сартекова С.А. және тағы да басқа дәрігер мамандармен толықты.
2004 – 2019 жылдар аралығында психиатриялық диспансерді Целиноград медициналық институтының 1980жылғы түлегі, біліктілігі жоғары санатты дәрігер Сауранбаев Е.А. басқарды.
2 бөлім. Наркологиялық қызметтің даму тарихы
1977 жылдан бері диспансерде наркологиялық қызметке тіркеу және басқа да қосымша кабинеттерге бөлек орындар берілді, 1978 жылғы наурыз айынан бастап бөлімше дербес облыстық наркологиялық емдеу мекемесіне айналды, бұл республикадағы 3- мекеме (Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің шешімі мен облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 1978ж. 3 сәуірдегі № 62-к бұйрығы). Наркологиялық диспансердің алғашқы бас дәрігері болып, біліктілігі жоғары санатты дәрігер, психиатр-нарколог, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері, денсаулық сақтау саласының үздігі Вязовой Петр Петрович тағайындалды.Потапов Николай Николаевич, Лукьяненко Юрий Владимирович облыстың наркологиялық қызметінің алғашқы дәрігерлері болып саналады.1973 жылы 90 орындық алғашқы бөлімше ашылып, оның 45 орны маскүнемдікке шалдыққан тұлғаларды емдеуге арналды. Бөлімше меңгерушісі Лукьяненко Ю.В. науқастарды емдеу тәжірибесіне гипнозды және эмоционалды күйзеліс терапиясын белсенді түрде енгізе бастады.
1975 жылы 60 орындық дербес наркологиялық бөлімше және наркологиялық емхана ұйымдастырылып, облыстық дипансерді ұйымдастыру кезінде ол тек облыстың ғана емес республикалық деңгейде наркологиялық қызмет кадрларын дайындау үшін негізгі базаға айналды. 1999 жылдың 2 тамызына дейін Ю.В. Лукьяненко басқарған бөлімше Облысаралық, содан соң Аймақтық, 1986 жылдан бастап Республикалық наркологиялық орталыққа айналды.
Наркологиялық диспансер облыстық аурухананың бұрынғы бөлімшесі базасында құрылды: Тараз қ., Абай көш., 13. «Химпром» мекемесі маскүнемдікке шалдыққан тұлғаларды емдеуге бөлімше ұйымдастыру үшін жатақхана ғимаратынан жайлар бөлді. 1978 жылдың соңында диспансерде 7 дәрігер, 36 орта білімді мамандар жұмыс жасады. Диспансердің орындық қоры 150 болса, 1983 жылдары тағы да 120 орын қосылып, 270 орынға дейін көтерілді.
Облыстың емханалық наркологиялық қызметін ұйымдастырушылардың тағы да бір тұлғасының бірі, содан кейін норкоманияның медициналық биологиялық мәселелері бойынша Аймақаралық орталықтың басшысы болып, сол Орталықты 1998 жылға дейін басқарған Сергей Семенович Шемякин да бар еді.
Сол жылдары диспансерде дәрігер болып жұмыс атқарғандар және т.б. Константинова Н.В., Исмаилов А.Б., Ахметов Б.М., Спиридонова З.И., Кацнельсон Л.С., Квиткова Л.К., Телицын Б.Г., Абдулкин В.А., Степанов В.А. Цой В.С., Сырлыбаев Д.К., Селиванов В.И. Сол кездері диспансерде 20 дәрігер, олардың тоғызы біліктілігі жоғары санатты дәрігерлер, 4 – бірінші санатты.
Ал облыс аудандарындағы наркологиялық қызметтің дамуына Байзақ ауданының дәрігер наркологі Султан-Герей Мажибаевич Мажибаев, Қаратауда — Людмила Лазаревна Оберенко, Меркі ауданының дәрігер наркологі Калас Кулмахамбетович Кулмахамбетовтер көп еңбек сіңірді.
2003 жылы ақпан айында облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері болып тағайындалған тәжірибелі ұйымдастырушы, біліктілігі жоғары дәрігер, денсаулық сақтау саласының үздігі, осы уақытқа дейін ұзақ жылдар бойы облыстық денсаулық сақтау басқармасының аппаратында қызмет еткен Лариса Михайловна Ким еңбек етіп келеді. Сол кезеңде диспансерде 300 стационарлық орын болды.
2004 жылдың қыркүйек айында, норкологиялық диспансердің бас дәрігері болып, денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру жұмыстары бойынша мол тәжірибесі бар, Жаңатас қалалық санэпидстанциясының бас дәрігері (1981-1991 ж.ж.), Тараз қалалық санэпидстанциясының бас дәрігері (1991-2004 ж.ж.) болып қызмет атқарған Жексембиев Жакып Тузелбаевич тағайындалды. Ж.Т. Жексембиевтің басшылығымен диспансер құрылымы қайта құрылып, 40 орындық Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы құрылды (2011 ж.), аумақ ретке келтіріліп, бау бақша бағымен көгалдандырылды. Облыс халқына наркологиялық көмек көрсету жұмыстары бойынша жоғары көрсеткіштерге жетіп, қызметтің аудандық құрылымдарына белсенді түрде көмек көрсетілді. Науқастарды емдеу жұмыстарын атқару барысында тәжірибеге жаңа әдістемелер мен жаңа дәрілік препараттар пайдаланылды.Осы кезеңдерде және кәзіргі уақытта Каримова Г.А., Ли Е.И., Даулетжанова Э.А., Танатбаева Л.С., Жанабаева Б.Т. сияқты дәрігер нарколог мамандар еңбек етуде.
3 бөлім. Психикалық денсаулық қызметі
2019 жылғы 11 қаңтардағы «Жол картасы» іс шараларын жүзеге асыру бойынша, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерді біріктіре отырып, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК құрылды. Орталықтың бас дәрігері болып Жексембиев Ж.Т. тағайындалды. 2020 жылдың сәуір айында, облыстың медициналық мекемелерін қайта құру барысында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері лауазымына, денсаулық сақтау саласы мекемелеріне басшылық еткен мол тәжірибелі Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы тағайындалды: 12 — Жамбыл облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұлттық сараптама орталығы Филиалының директоры; 2 жыл – Жамбыл облыстық инфекциялық ауруханасының бас дәрігері. Аз уақыт ішінде Орталықтың материалдық техникалық базасы нығайтылды. Зертханалық жабдықтар көлемі жаңартылып, клиникалық зертханалар әлеуеті біріктірілді. Пациенттерге спортпен айналысуларына жағдай жасалған, демалыс алаңдары жетілдірілді.
