Барлық озық — тәжірибеге
Стратегиялық жоспарды іске асыру барысында облыстық психикалық денсаулық орталығы заманауи жоғары дәлдіктегі жабдықтармен жүйелі жарақтандыруды жүргізуде. Осы мақсатта адам зәрінің үлгілеріндегі есірткі құралдарын сапалы анықтау үшін «AID 65 флуоресцентті анализаторларын» және дем шығарудағы алкоголь концентрациясын анықтау үшін «Alcotest 7000» анықтайтын заманауи құрылғылар сатып алынды.



