«Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ
Миссиясы: Халыққа психикалық денсаулық саласында мамандандырылған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету. Жоғары сапалы және жалпы қолжетімді психиатриялық, наркологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған облыс халқына қолжетімді, сапалы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, орталықты басқару тиімділігін арттыру және кадрлық ресурстарды дамыту.
Психикалық денсаулықты қорғау қызметінің негізгі қызметі психикалық денсаулық саласында Жамбыл облысының халқына медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің пациентке бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған.
Қызметтің мақсаты дәлелді медицина қағидаттарына негізделген психикалық денсаулық саласында халыққа сапалы, қолжетімді және тиімді медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) жоспарлы және шұғыл медициналық көмек;
2) функционалдық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, зертханалық зерттеулер (жалпы клиникалық және биохимиялық), токсикологиялық зерттеулер; сараптамалық медициналық қызмет (наркологиялық, психиатриялық және сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар),
3) психобелсенді заттарды тұтыну салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар адамдарды анонимді емдеу – пациенттердің қалауы бойынша олардың тиісті медициналық көмекке жүгінуі кезінде ерікті түрде жүргізілетін анонимді емдеу;
4) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар, алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға емдеу-диагностикалық, консультациялық және психопрофилактикалық көмек көрсету және науқастарға психиатрия, наркология, психотерапия, физиотерапия, медициналық психология, валеология, неврология, педиатрия, диетология мамандықтары бойынша білікті, консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
7) көрсетілетін емдік және профилактикалық көмектің тиімділігін талдау;
8) психогигиеналық және алдын алу жұмыстары, орталықтың ішінде, одан тыс жерлерде де (кәсіпорындарда, оқу орындарында, ауылдық жерлерде);
9) МЕАМ-ге және бас бостандығынан айыру орындарына алкоголизм мен нашақорлық бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін адамдарды медициналық куәландырудан өткізу, сондай-ақ сот-наркологиялық сараптама мен сот-психиатриялық сараптама, алкогольдік, есірткілік мас болу сараптамасын жүргізу;
10) сот шешімі бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен, сондай-ақ психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыру;
11) Денсаулық сақтау органдарының тапсырмасы бойынша қамқоршылық, өтініш жасау мәселелерін шешуге қатысу (немесе денсаулық сақтау органдарының тапсырмасы бойынша қорытынды беруге);
12) психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары, алкоголизм, нашақорлық және уытқұмарлық аурулармен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу және ұтымды шығару мәселелері бойынша тиісті психоневрологиялық стационарлармен күнделікті іскерлік байланыс, емделіп шыққандарды одан әрі динамикалық бақылау және емдеудегі сабақтастық үшін мәліметтер алу және т.б.;
13) амбулаториялық-емханалық мекемелердің құрамына кіретін облыстың психикалық денсаулық кабинеттеріне консультациялық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
14) соматикалық ауруханалар мен емханаларға консультациялық көмек көрсету;
15) басқа ведомстволармен, ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп маскүнемдікпен, нашақорлықпен, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен күрес бойынша профилактикалық іс-шараларға қатысу;
16) алғашқы есептік құжаттарды статистикалық өңдеу негізінде қызмет көрсету аймағында алкоголизммен, нашақорлықпен, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулармен ауыратын науқастарға жыл сайынғы сырқаттанушылықты шолуды және жыл сайынғы емдеу-профилактикалық көмектің жедел жоспарларын жасау;
17) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 94-бабының 1-тармағына, 2 және 3-тармақшаларына сәйкес 40 төсектік Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында (медициналық айықтырғыш) азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету;
18) ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында инъекциялық есірткіні тұтынушыларға метадонды бере отырып, опиоидты алмастыру терапиясын жүргізу.