Жаңа Конституция жобасы бойынша кездесу

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында қалалық мәслихат депутаты Марат Жұманқұловтың қатысуымен жаңа Конституция жобасын түсіндіруге,қоғам үшін маңызды болатын негізгі өзгерістерді қолдауға шақыру мақсатында медицина қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізілді.

Кездесуде Жобаның басты мақсаты адам құқықтары мен бостандығы,әділдік,заңдылық және тәртіп екені сонымен қатар жаңа өзгерістердің негізгі бағыттарын кеңінен талқылап оны қолдауға шақырды.

Орталықтың қызметкерлері Ата заң жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жүйелі өзгерістерге бейжай қарамайтындарын,белсенді қолдау білдіретіндерін жеткізді.