Жұмыс сапарымен
Ағымдағы жылдың қараша айының 11-13 күндері аралығында ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Есқалиева Алтынай Төкенқызы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына арнайы келіп,зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Орталықтың медициналық қызмет көрсету жұмыстарымен танысып,емхана мен стационарлық емдеу бөлімдеріндегі пациенттерге көрсетіліп жатқан қолдаулар мен қызметтерді көрді. Орталықтың бас дәрігері Серік Жетібаев науқастарға медициналық қызмет көрсету барысын,тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге арналған медициналық қондырғылармен таныстырды.
Осы ретте, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша бірқатар мәселелерге назар аударып, әрбір ем алушыға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беруді атап өтті.


