Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған жиын өткізілді.

Жиында Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев құттықтау сөзін сөйлеп, бұл күн – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен тілегі орындалып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан – қасиетті де қастерлі күн екенін және Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз екенін атап өтті.

Жиынның бір бөлігі Орталықтың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімімен жалғасты.

Денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы жемісті еңбектері үшін бірқатар қызметкерлерге “QAZMED” РҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Н. О. Махашов еңбегі,адалдығы және табандылығы үшін алғыс білдірдіріп,төсбелгімен марапаттады.Сондай -ақ Тараз қаласы әкімінің, ”Аmanat” партиясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Осы мерейлі мерекеде еліміздің әрбір шаңырағына ынтымақ пен бірлік, береке мен молшылық тілейміз!Қазақ елінің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты, шаңырағы биік болғай!