8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен!
Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік жиналыс өтті!
Жиналысқа орталықтың бас дәрігері Жетібаев Серік Дүйсенәліұлы мен «QAZMED» РҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Н.О.Махашов қатысып, ұжымдағы нәзік жандыларды құттықтады.
Бірқатар қызметкерлер алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды!
Барша аруларды мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасы амандығы және көктемдей шуақты көңіл күй тілейміз!
















