Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша семинар

Бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында психиатр және нарколог дәрігерлерге арналған «Білім беру және денсаулық сақтау цифрлық контуры негізінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасы аясында семинар өтті.

Семинар барысында бас дәрігер Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев баяндама жасап, кәмелетке толмағандардың психикалық денсаулығын қорғау, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау және балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде психологиялық-психиатриялық көмек көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараға Қазақстандық белгілі дәрігер-психиатр, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Анатольевич Негайда қатысып, арнайы баяндама жасады. Өз баяндамасында мамандармен тәжірибе алмасып, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау және суицидтің алдын алу бағытындағы заманауи тәсілдерге тоқталды.

Семинар барысында «EMDEU AI+»бағдарламасының мүмкіндіктері, цифрлық технологиялар арқылы қауіп тобындағы жасөспірімдерді ерте анықтау, оларды тиісті мамандарға уақтылы бағыттау және динамикалық бақылау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар білім беру және денсаулық сақтау салаларының өзара тиімді іс-қимылын күшейту және балалардың психикалық саулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жетілдіру бойынша пікір алмасу жүргізілді