Отан қорғаушылар күні!

Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында мерекелік жиын өтті.
Жиында Орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев ұжымды арайы мерекемен құттықтап,қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапты еңбегін атап өтті және ел игілігі жолындағы қызметтеріне алғыс білдірді.
Мерекелік жиын барысында кәсіби шеберлігімен және адал еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлер марапатталып, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шара ұжымның бірлігі мен Отанға деген құрметін айқындай түсті.
Барша әріптестерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!