«Алкоголь — опасыз жау»тақырыбындағы білім беру мекемелеріндегі дәрістер

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Г. Ш. Алдабекова психоактивті заттарды қолданудың бастапқы профилактикасы бойынша іс — шаралар кестесіне сәйкес ББЗЖ-ны қолданудың алдын алу бойынша «опасыз жау-алкоголь» тақырыбында дәрістер оқыды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне, Жамбыл теміржол көлігі және коммуникация колледжінің студенттеріне, № 43 орта мектеп пен № 45 мектеп – гимназиясының оқушыларына дәрістер оқылды. Тыңдаушылардың жалпы саны-214 адам. Дәріс барысында психолог оқушылардың сұрақтарына жауап берді.