Психикалық денсаулық саласында халыққа медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін жақсарту мәселелері бойынша семинар-кеңес
Жамбыл облысында психикалық денсаулық саласында халыққа медициналық-әлеуметтік көмектің қолжетімділігін жақсарту мәселелеріне арналған психикалық денсаулық қызметі мамандарының облыстық семинар-кеңесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты өзекті мәселелерді талқылау және өңір тұрғындары үшін психиатриялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың тиімді жолдарын іздеу болды.
Семинарға Шығыс Еуропа елдерінің Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастығының өкілі (10 аймақ), Басқарма мүшесі, психикалық денсаулық мәселелері жөніндегі кеңесші, медицина ғылымдарының кандидаты – Негай Н.А., Койшин Б.Т. — Астана қаласы Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының Психиатриялық Қызмет жөніндегі орынбасары қатысты.
Семинар барысында психикалық бұзылуларды ерте диагностикалау, амбулаториялық көмекті дамыту, көмек алу мүмкіндіктері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мәселелері қаралды. Пациенттерді емдеу мен оңалтудың заманауи тәсілдерін енгізуге, сондай-ақ психикалық ауытқулары бар адамдардың стигматизациясын төмендетуге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар тәжірибе алмасты, үздік тәжірибелерді талқылады және Жамбыл облысындағы Психикалық денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленді. Семинар қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту және халық үшін сапалы көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша одан әрі қадамдар белгіленді.
Аталған семинарды өткізу өңірдің психикалық денсаулық жүйесін нығайту және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

