ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАШАН КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК?
Көп жағдайда адам денсаулығына физикалық тұрғыдан ғана мән береді. Ал психикалық жағдайымызды кейінге қалдырып жатамыз.
Психикалық денсаулыққа көңіл бөлетін уақыт — өзіңізді ұзақ уақыт бойы бұрынғыдай сезінбеген кезде.
Мына белгілерге назар аударыңыз:
— көңіл-күйдің ұзақ уақыт өзгеруі;
— себепсіз мазасыздық немесе қорқыныш;
— ұйқының бұзылуы;
— үнемі шаршау, күштің болмауы;
— бұрын ұнайтын нәрселерге қызығушылықтың төмендеуі;
— ашуланшақтықтың немесе эмоционалдық тұрақсыздықтың күшеюі;
— адамдармен қарым-қатынастың қиындауы;
— оқу немесе жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі.
Бұл белгілер міндетті түрде психикалық ауру бар дегенді білдірмейді. Бірақ оларды елемей жүре бермей, өз жағдайыңызға назар аударған дұрыс. Психологқа немесе психиатрға жүгіну — әлсіздік емес. Бұл өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау. Өзіңізді тыңдаңыз. Көмек қажет болса, оны уақытында сұраңыз.



