Қазақстан Республикасы психикалық денсаулық орталықтарының қызметкерлері арасында волейболдан республикалық спартакиада

Жамбылдық медицина қызметкерлері республикалық спартакиадада жүлделі орынға ие болды

8–9 қазанда Орал қаласында Қазақстанның психикалық денсаулық орталықтары қызметкерлері арасында волейболдан республикалық спартакиада өтті.

Байрақты бәсекеде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Тартысты өткен ойындарда қатысушылар командалық үйлесім мен спорттық шеберліктерін көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Республикалық спартакиада Психикалық денсаулықтың республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған конференция аясында өткізілді. Мұндай басқосулар медицина мамандарының өзара тәжірибе алмасуына, кәсіби байланыстарды нығайтуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге мүмкіндік береді.

Жамбылдық мамандардың бұл жетістігі – ұжымның ұйымшылдығы мен ортақ мақсат жолындағы бірлігінің нәтижесі. Облыс намысын абыроймен қорғаған командаға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!