1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Тараз қалалық филиалына қарасты «Сенім» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Мейірім мен қамқорлық» акциясы аясында мерекелік жиын өтті.

Жиын барысында орталықтың бас дәрігері Серік Дүйсенәліұлы Жетібаев аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Қарияларға көрсеткен еңбектері мен өмірлік тәжірибелері үшін алғыс білдіріп, әрдайым құрмет төрінде болуын атап өтті.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында орталықтың 170 ардагер қызметкеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың үйлеріне арнайы барып, мерекемен құттықталды. Ардагерлерге сый-сияпат табысталып, ізгі тілектер айтылды. Бұл игі шара аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын көрінісі болды.

Қарияларға құрмет көрсету ежелден келе жатқан асыл дәстүріміз.Олардың батасын алып, өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету баршамызға ортақ міндет.