Байқау Кеңесінің Отырысы
2026 жылғы 22 қыркүйектегі Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының № 260-ө бұйрығымен «ЖОӘДСБ Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК Байқау кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.С. Назарбек, Жамбыл облысы бойынша фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының төрайымы Л.О. Айткулова қатысты.
Сонымен қатар отырысқа онлайн форматта ҚР ДСМ Психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының орынбасары Н.Б. Есімов, «Turar Healthcare» КеАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы Ж.А. Амангелді, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ф.А. Джунусова қатысты.
Отырыс барысында Байқау кеңесінің төрағасы мен хатшысы сайланып, орталықтың алдағы бес жылға арналған даму жоспары бекітілді. Аталған жоспар орталықтың стратегиялық даму бағыттарын айқындауға, басқару тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін психикалық денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған.



