Есірткі мен алкогольді тұтынудың алдын алу бойынша семинар

Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологтары А.А. Сағындық пен Ж. Т. Сағилаева жастар денсаулық орталығымен бірлесіп Есірткі мен алкогольді тұтынудың алдын алу бойынша семинарға қатысты. Семинардың мақсаты-нашақорлық пен маскүнемдіктің адам мен қоғам денсаулығына зиянды әсерін түсіндіру. Семинарға «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.