Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
Психологтар Ли Л. Г. және Сағындық А. А. «Cуицидтік мінез-құлықтың алдын алу»тақырыбында профилактикалық семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылар психологиялық денсаулықты сақтаудың, эмоционалдық дағдарыстың дабыл белгілерін танудың, психологиялық көмекке уақтылы жүгінудің және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдаудың маңызды мәселелерін талқылады.
Суицид қаупін анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритміне және мамандарға уақтылы жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Өтетін орны: №59 РММ
Қамту: 40 адам
Алдын алудың басты мақсаты — проблемамен жалғыз қалмау және уақтылы көмек сұрау.


