Әскери қызметшілерге арналған профилактикалық семинар
28349 әскери бөлімінде психолог Ли Л.Г. шақырумен әскери қызметшілер арасында профилактикалық семинар өтті.
Семинардың тақырыбы: «Алкоголизмнің, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу».
Іс-шараға 40 әскери қызметші қатысты.
Семинар барысында тәуелді мінез — құлықтың алдын алу, алкоголь мен есірткі заттарын қолданудың салдары, сондай-ақ ойынға тәуелділік-лудоманиямен байланысты қауіптер мәселелері қаралды.
Психологиялық денсаулықты сақтауға, стресске төзімділікті дамытуға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және психологиялық көмекке уақтылы жүгінуге ерекше назар аударылады.
Мұндай алдын алу шараларын жүргізу әскери ұжымдағы психологиялық тұрақтылықты, әскери тәртіпті және салауатты моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға ықпал етеді. Психологиялық ағарту және тәуелді мінез-құлықтың алдын алу ҚР ҚК жеке құрамымен психологиялық жұмыс бағыттарына кіреді.



