№2 орта мектепте дәріс
Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері И.В. Данилюк № 2 орта мектеп оқушыларына алкогольді ішімдік ішудің алдын алу бойынша «Алкоголь армандарды қалай бұзады» тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шара 2026-2027 оқу жылына арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттарды қолданудың алдын алу жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. 70 тыңдаушы қатысты.
Кездесудің мақсаты-жасөспірімдердің ішімдік ішудің салдары туралы хабардарлығын арттыру, денсаулықтың құндылығын , жеке мақсаттары мен болашағына жауапкершілікпен қарауға көмектесу. Әңгімелесу барысында оқушылармен алкогольдің денсаулыққа, эмоционалдық жай-күйге, басқалармен қарым-қатынасқа және өмірлік перспективаларға әсері мәселелері талқыланды.



